Басты бетЖаңа оқу жылы – жаңа кәсіби стратегия: «Қарлығаш» балабақшада педагогикалық кеңес өтті

Жаңа оқу жылы – жаңа кәсіби стратегия: «Қарлығаш» балабақшада педагогикалық кеңес өтті

Жаңа оқу жылы – жаңа кәсіби стратегия: «Қарлығаш» балабақшада педагогикалық кеңес өтті Жаңа оқу жылы – жаңа кәсіби стратегия: «Қарлығаш» балабақшада педагогикалық кеңес өтті Жаңа оқу жылы – жаңа кәсіби стратегия: «Қарлығаш» балабақшада педагогикалық кеңес өтті Жаңа оқу жылы – жаңа кәсіби стратегия: «Қарлығаш» балабақшада педагогикалық кеңес өтті Жаңа оқу жылы – жаңа кәсіби стратегия: «Қарлығаш» балабақшада педагогикалық кеңес өтті Жаңа оқу жылы – жаңа кәсіби стратегия: «Қарлығаш» балабақшада педагогикалық кеңес өтті

«Қарлығаш» балабақшада 2026–2027 оқу жылына арналған алғашқы педагогикалық кеңес – «2026 стратегиясы: сапалы бастау – тұрақты нәтиже» өтті.

Педагогикалық кеңестің негізгі назарында жаңа оқу жылындағы жұмыстың басты бағытын айқындау және стратегиялық міндеттерді нақты кәсіби шешімдерге айналдыру мәселесі болды.

Биыл педагогикалық кеңес дәстүрлі отырыс форматынан шығып, стратегиялық сессия элементтері, тәжірибе алмасу, кері байланыс және бірлескен талқылауға негізделген кәсіби жұмыс алаңы ретінде ұйымдастырылды. Оның маңызды бөлігінің бірі – педагогтердің практикалық әзірлемелерін біріктірген «Өзіммен бірге алып кететін 1 идея» әдістемелік көрмесі болды.

Кеңес барысында өткен кезеңнің нәтижелерін талдау, тиімді жазғы тәжірибелер, білім беру жұмысының басым бағыттары, «Бастау» бағдарламасын енгізу, педагогтердің кәсіби дамуы мен аттестаттауы, балалардың денсаулығы және сауықтыру жұмысы, сондай-ақ командалық әлеуетті дамыту мәселелері қаралды.

Бұл ретте негізгі назар міндеттердің формалды орындалуынан баланың нақты нәтижесіне көшуге аударылды. Педагогтің кәсіби дамуы да тек оқудан өтумен шектелмей, жаңа білімді күнделікті тәжірибеде қолданумен байланысты қарастырылды.

Стратегияның басты бағдаршысы – бала, оның дербестігі, бастамашылдығы, өзара әрекеттесу қабілеті, шешім іздеуі және әртүрлі тәсілдерді байқап көруі.

Осылайша, «Қарлығаш» балабақшада жаңа оқу жылы бірыңғай кәсіби бағытпен басталды: сапалы бастау тұрақты нәтижеге негіз болуы тиіс, ал бұл нәтиженің өзегінде құзыретті бала тұрады.