«МТАЖО» АҚ Медицина қызметкерлерінің құзыреттерін дамыту орталығы ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының қызметкерлеріне кәсіби күйзелістің алдын алу бойынша екі күндік семинар өткізді.
Интерактивті форматта өткен семинар барысында қатысушылар кәсіби тәжірибеде кездесетін жағдайларды талқылап, практикалық тапсырмалар орындады. Топпен жұмыс істеп, күйзеліс пен эмоцияны басқару тәсілдерін меңгерді. Эмоциялық интеллектіні дамытуға, жанжалдарды басқаруға, қызметкерлерді қолдауға және ұжымда сенімге негізделген ахуал қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Семинарды эмоциялық интеллектіні дамыту саласының сарапшысы Эльмира Абайдильдинова өткізді.
«Қатысушылар күнделікті жұмыста күйзелісті басқаруға және эмоциялық қажудың алдын алуға көмектесетін практикалық құралдар мен тәсілдерді меңгерді. Біз күйзелістің негізгі себептерін, оның алдын алу жолдарын және эмоциялық жағдайды тиімді басқару әдістерін қарастырдық», – деді ол.