Басты бет › 28–29 қыркүйек күндері Маңғыстау облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтеді

28–29 қыркүйек күндері Маңғыстау облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтеді

28–29 қыркүйек күндері Маңғыстау облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтеді 28–29 қыркүйек күндері Маңғыстау облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтеді

Іс-шара мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, мамандар арасында тәжірибе алмасуға және облыстың медициналық ұйымдарымен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Өңірге ҚР ПІБ Медициналық орталығының Ауруханасы мен Ұлттық госпиталінің дәрігерлері келеді. Делегация құрамында нейрохирург, аритмолог, қан тамырлары хирургі, инфекциялық бақылау, мейіргер ісі және өзге де бейінді мамандар бар.

Өңір тұрғындары үшін консультациялар мен жоспарлы операциялар ұйымдастырылады. Медицина қызметкерлеріне облыстың медициналық ұйымдары базасында, сондай-ақ онлайн форматта презентациялар, клиникалық және сарапшылардың аралауы, практикалық іс-шараларды қамтитын білім беру бағдарламасы дайындалды.

Пациенттерді қабылдау туралы ақпарат:

28 қыркүйек, Жаңаөзен көпбейінді қалалық ауруханасы:

  • 15.00–17.00 – нейрохирург Исламбек Мусабеков
  • 15.00–17.00 – аритмолог Шалқар Смағұлов


28 қыркүйек, Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы, Ақтау қаласы:

  • 15.00–17.00 – қан тамырлары хирургі Сырым Әшір


29 қыркүйек, Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы, Ақтау қаласы:

  • 15.00–17.00 – аритмолог Шалқар Смағұлов


Назар аударыңыз! Дәрігер қабылдауына жазылу үшін медициналық ұйымның тіркеу бөліміне хабарласу қажет.