Астанада Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының, оның ведомстволары мен ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметкерлері арасында жыл сайынғы спартакиаданың кезекті кезеңі өтті. Бұл жолы қатысушылар жүзуден сынға түсті.
Жарысқа тоғыз командадан 55 спортшы қатысты. Бағдарлама аясында ерлер мен әйелдер арасында 50 метр қашықтыққа жеке жүзу және 4 × 50 метр командалық эстафета ұйымдастырылды.
Жарыс қорытындысы бойынша ҚР ПІБ Медициналық орталығының командасы командалық эстафетада бірінші орын алып, жақсы дене дайындығы мен үйлесімді командалық жұмыс көрсетті.
Медициналық орталық қызметкерлері ҚР Президенті Іс басқармасы жүйесінде ұйымдастырылатын спорттық іс-шараларға тұрақты түрде қатысады. Мұндай жарыстар командалық өзара іс-қимылды нығайтуға және қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.