Басты бет › Медициналық орталық дәрігерлері Қарағандының бірнеше клиникасында ота жасай бастады

Медициналық орталық дәрігерлері Қарағандының бірнеше клиникасында ота жасай бастады

Медициналық орталық дәрігерлері Қарағандының бірнеше клиникасында ота жасай бастады Медициналық орталық дәрігерлері Қарағандының бірнеше клиникасында ота жасай бастады Медициналық орталық дәрігерлері Қарағандының бірнеше клиникасында ота жасай бастады Медициналық орталық дәрігерлері Қарағандының бірнеше клиникасында ота жасай бастады Медициналық орталық дәрігерлері Қарағандының бірнеше клиникасында ота жасай бастады

Қарағандыда ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері басталды. Оның аясында мамандар қаланың бірнеше медициналық ұйымында қатар жұмыс істеп жатыр. Дәрігерлер травматология және гинекология бағыттары бойынша операциялар жасап, Ұлттық госпиталь мамандары өңірдің медицина қызметкерлерімен практикалық жұмыс жүргізуде. Екі күндік бағдарлама хирургияның бес бағытын, пациенттердің қауіпсіздігін, инфекциялық бақылауды, зертханалық қызметті және медициналық ұйымдарды басқару мәселелерін қамтиды.

Қарағанды облысында медициналық инфрақұрылым дамып, мамандандырылған медициналық көмек көрсету бойынша тәжірибе қалыптасқан. Сондықтан сапар пациенттерге медициналық көмек көрсетумен қатар, өңір мамандарымен кәсіби тәжірибе алмасуға бағытталған. Медициналық орталық дәрігерлері жергілікті әріптестерімен бірге клиникаларда операциялар жасап, нақты клиникалық жағдайларды талқылап, емдеудің практикалық тәсілдерімен бөлісуде.

Бүгін хирургиялық бағдарлама Қарағанды қаласының №1 көпбейінді ауруханасы мен профессор Х.Ж. Макажанов атындағы көпбейінді аурухана базасында өтуде. Травматологтар тізе буынын алмастыру операцияларын бастады. Гинекология бағытында да аз инвазивті әдістер қолданылып, хирургиялық оталар жасалуда.

9 қазанда операциялар басқа медициналық бағыттар бойынша жалғасады. Урологтар шағын тілік арқылы бүйректегі тасты аз инвазивті әдіспен алып тастайды, ал хирургтер өңеш тесігінің жарығына лапароскопиялық ота жасайды. ЛОР дәрігерлері есту қабілетін қалпына келтіруге және мұрын қалқасындағы ақауды түзетуге бағытталған операциялар жүргізеді.

Сонымен қатар Облыстық клиникалық аурухана базасында өңір медицина мамандарына арналған практикалық және білім беру жұмыстары басталды. Ұлттық госпиталь мамандары мейіргер ісі, пациенттердің қауіпсіздігі және инфекциялық бақылау бойынша семинарлар өткізіп, клиникалық жағдайларды талқылауда. Стационарішілік инфекциялардың алдын алуға, пациенттер үшін ықтимал қауіптерді азайтуға және медицина қызметкерлерінің шұғыл жағдайларға дайындығына ерекше назар аударылуда.

Бұдан бөлек, медициналық ұйымдарды басқару мәселесіне де назар аударылды. Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы денсаулық сақтау саласының топ-менеджерлеріне арналған екі күндік мектеп өткізуде. Бірінші күн көшбасшылық пен эмоционалдық интеллект мәселелеріне арналды. Қатысушылар персоналды басқару, медициналық қызметтерді дамыту және сапа менеджменті жүйесіне қатысты мәселелерді қарастыруда.

Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының мамандары да Медициналық орталық күндеріне қатысуда. Олар зертханалық қызмет мамандарына біліктілікті тексеру және кәсіби даярлық бойынша сабақтар өткізуде.

Аймақтарға сапардың басты мақсаты – пациенттерге қажетті медициналық көмекті өз өңірінде көрсету және жергілікті дәрігерлермен тәжірибе алмасу. Бірлескен жұмыс барысында мамандар нақты клиникалық жағдайларды талқылап, заманауи емдеу тәсілдерін практикада қолдануда.