Басты бет › Банкроттық және оңалту бойынша семинар ұйымдастырылды

Банкроттық және оңалту бойынша семинар ұйымдастырылды

Банкроттық және оңалту бойынша семинар ұйымдастырылды Банкроттық және оңалту бойынша семинар ұйымдастырылды Банкроттық және оңалту бойынша семинар ұйымдастырылды Банкроттық және оңалту бойынша семинар ұйымдастырылды

Астанада Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы ұйымдастыруымен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның өңірлік филиалдары қызметкерлеріне арналған «Заңды және жеке тұлғалардың банкроттығы және оңалтуы» тақырыбында екі күндік семинар өтті.

Қатысушылар банкроттық және оңалту рәсімдерін реттейтін заңнама талаптарын және оларды тәжірибеде қолдану ерекшеліктерін қарастырды. Берешекті қайта құрылымдау, соттан тыс және сот арқылы банкроттық, оңалту рәсімдері, кредиторлармен жұмыс, атқарушылық іс жүргізу және сот практикасына қатысты мәселелер талқыланды.

Оқу бағдарламасын заңды тұлғаларды оңалту және банкроттық саласының маманы Руслан Султанов және Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Алия Кусманова жүргізді.

Семинардың практикалық бөлімінде қатысушылар нақты жағдайларды талдап, алған білімдерін кәсіби қызметте қолдану жолдарын пысықтады.