Басты бет › 22–23 қазанда Шығыс Қазақстан облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтеді

22–23 қазанда Шығыс Қазақстан облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтеді

22–23 қазанда Шығыс Қазақстан облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтеді 22–23 қазанда Шығыс Қазақстан облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтеді

Өскемен қаласында ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы мамандары жоспарлы операциялар жасап, пациенттерге консультация береді және жергілікті дәрігерлерге арналған практикалық шеберлік сабақтарын өткізеді.

Делегация құрамында травматолог, оториноларинголог, уролог, аритмолог, сондай-ақ мейіргер ісі және инфекциялық бақылау салаларының мамандары болады.

Өңірдің медициналық ұйымдарында хирургиялық операциялар мен оқыту іс-шаралары жоспарланған. Медициналық орталығының аурухана мен Ұлттық госпиталь мамандары диагностика, емдеу, медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігі мәселелері бойынша семинарлар мен таныстырылымдар өткізеді.

Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы денсаулық сақтау саласын цифрландыру және басқару мәселелері бойынша онлайн шеберлік сабағын, ал Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы зертхана мамандарын оқыту және олардың біліктілігін тексеру бойынша екі онлайн таныстырылым өткізеді.

Іс-шаралар мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, кәсіби тәжірибе алмасуға және өңірдің медициналық ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Пациенттерді қабылдау туралы ақпарат:

22 қазан, Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы, Өскемен қаласы:

  • 09:00–17:00 – аритмолог Құдайберген Тәжібаев.


Назар аударыңыз! Дәрігердің қабылдауына жазылу үшін медициналық ұйымның тіркеу бөліміне хабарласу қажет.