Басты бет › Атырауда Медициналық орталық күндері аясында жоғары технологиялық операциялар жасалады

Атырауда Медициналық орталық күндері аясында жоғары технологиялық операциялар жасалады

Атырауда Медициналық орталық күндері аясында жоғары технологиялық операциялар жасалады Атырауда Медициналық орталық күндері аясында жоғары технологиялық операциялар жасалады Атырауда Медициналық орталық күндері аясында жоғары технологиялық операциялар жасалады Атырауда Медициналық орталық күндері аясында жоғары технологиялық операциялар жасалады Атырауда Медициналық орталық күндері аясында жоғары технологиялық операциялар жасалады

Бүгін Атырауда Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының күндері басталды. Аурухана мен Ұлттық госпиталь мамандары нейрохирургиялық, оториноларингологиялық, урологиялық және гинекологиялық операциялар жасап, пациенттерге консультация береді, сондай-ақ жергілікті медицина қызметкерлері үшін оқыту іс-шараларын ұйымдастырады.

Негізгі бағыттардың бірі – нейрохирургия. ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының нейрохирургі Исламбек Мұсабеков Атырау облыстық ауруханасында интервенциялық емдеу әдістерін, оның ішінде стенттеу тәсілін қолдана отырып, операциялар жасайды. Мұндай араласулар қан тамырларының кейбір патологияларын бас миына ашық операция жасамай, аз инвазивті әдіспен емдеуге мүмкіндік береді.

«Біздің міндетіміз – пациенттерге мамандандырылған медициналық көмек көрсетіп қана қоймай, заманауи нейрохирургиялық технологияларды енгізу және қолдану арқылы жергілікті әріптестерімізбен бірлесіп хирургиялық операциялар жасау. Интервенциялық әдістер арнайы микрокатетерлердің көмегімен қан тамырлары арқылы ашық хирургиялық араласусыз ем жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл тәсіл операцияның жарақаттау деңгейін төмендетіп, пациенттердің тезірек қалпына келуіне ықпал етеді және белгілі бір жағдайларда инсульт қаупін азайтуға көмектеседі», – деді Исламбек Мұсабеков.

Сондай-ақ Атырау облыстық ауруханасында оториноларингология бағыты бойынша операциялар жоспарланған. ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының бас оториноларингологі Талапбек Әженов мұрын қалқасының тесілуіне байланысты хирургиялық араласулар мен эндоскопиялық полисинусотомия жасайды. Соңғысы эндоскопиялық жабдықтың көмегімен мұрын маңы қойнауларының ауруларын емдеу үшін қолданылады. Маман пациенттерге консультация да береді.

Хирургиялық жұмыстарға ҚР ПІБ Медициналық орталығы Ұлттық госпиталінің дәрігерлері де қатысады. Уролог Айдар Бегалин несеп-тас ауруы кезінде эндоскопиялық операциялар, ал гинеколог Асқар Ибраев-Рысбеков лапароскопиялық араласулар жасайды. Екі маман да пациенттерге консультация береді.

Хирургиялық көмектен бөлек, Медициналық орталығының мамандары аутоиммундық және инфекциялық ауруларды диагностикалау, дәрілік препараттарды ұтымды қолдану, дәрілік заттардың жағымсыз реакцияларының алдын алу, инфекциялық бақылау және себебі белгісіз қызбаны диагностикалау тақырыптарында онлайн дәрістер өткізеді. Аутоиммундық бауыр ауруларына ерекше назар аударылады.

Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы денсаулық сақтау саласын цифрландыру, жасанды интеллектіні қолдану, қаржыландыру және маркетинг мәселелері бойынша «Денсаулық сақтау топ-менеджерлерінің мектебі» атты онлайн шеберлік сабағын ұйымдастырады. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы зертхана мамандарын даярлау және олардың біліктілігін тексеру бойынша екі онлайн таныстырылым өткізеді.

ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өңір тұрғындары үшін мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға және республикалық әрі облыстық медициналық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Пациенттерге бірлесіп медициналық көмек көрсету және практикалық тәжірибе алмасу заманауи емдеу әдістерін енгізуге, сондай-ақ жергілікті мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал етеді.