Орал қаласында ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы мен Ұлттық госпиталь мамандары ота жасап, пациенттерге консультация береді және жергілікті дәрігерлерге арналған оқыту іс-шараларын өткізеді.
Делегация құрамында нейрохирург, ревматолог, эндокринолог, нефролог, аритмолог, кардиохирург және басқа да бейінді дәрігерлер болады.
Медицина қызметкерлеріне эпилепсия, өкпе аурулары, инфекциялық бақылау, медициналық көмектің сапасы мен пациент қауіпсіздігі бойынша семинарлар ұйымдастырылады. Сонымен қатар Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы мен Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы онлайн оқыту іс-шараларын өткізеді.
Пациенттерді қабылдау кестесі:
Облыстық көпбейінді аурухана, Н. Савичев көшесі, 85, 3-корпус:
12 қараша – 12:00–15:00, 13 қараша – 09:00–11:00:
• Ревматолог Бақтыгүл Орынбасарова;
• Эндокринолог Мөлдір Маратова;
• Нефролог Зарина Алмабаева.
13 қараша, 14:00–17:00:
• Қан тамырлары хирургі Аблай Сейткалиев.
13 қараша, Облыстық кардиологиялық орталық, Мелиоратор көшесі, 1:
• 09:00–17:00 – аритмолог Ринат Камиев
• 09:00–17:00 – кардиохирург Арайгүл Ыдырышева
Назар аударыңыз! Қабылдауға жазылу үшін тиісті медициналық ұйымның тіркеу бөліміне хабарласу қажет.