Басты бет › Астанада корпоративтік басқарудың заманауи тәсілдері талқыланды

Астанада корпоративтік басқарудың заманауи тәсілдері талқыланды

Астанада корпоративтік басқарудың заманауи тәсілдері талқыланды Астанада корпоративтік басқарудың заманауи тәсілдері талқыланды

10-11 қарашада Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы басқарушылық құзыреттерді дамытуға және корпоративтік басқарудың тиімділігін арттыруға арналған «Тәуелсіз директор. Табысты мансап» тақырыбында семинар ұйымдастырды.

Оқыту іс-шарасына «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ-ның басшылары мен кадр саясатына және корпоративтік басқаруға жауапты мамандары қатысты.

HR және стратегиялық басқару саласының сарапшысы Марьям Абельдинова директорлар кеңесінің рөлі, акционерлердің құқықтары мен басшылардың жауапкершілігі туралы айтып берді. Сонымен қатар қатысушылар цифрлық трансформация, жасанды интеллектіні енгізу, тәуекелдерді басқару және корпоративтік мәдениетті дамыту мәселелерін талқылады.

Семинардың тәжірибелік бөлімінде қатысушылар басқарушылық шешімдер қабылдауға қатысты тапсырмаларды орындап, инвестициялық жобаларды бағалады және стратегиялық мақсаттарды тиімділіктің негізгі көрсеткіштеріне (KPI) айналдыру жолдарын үйренді.

Семинар қатысушылардың кәсіби біліктілігін арттырып, тиімді басқарушылық шешімдер қабылдауға қажетті тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді.