Almaty Resort клиникалық шипажайының аумағында орналасқан Therma SPA кешені жыл бойы демалуға және сауықтыру шараларын қабылдауға мүмкіндік береді. Кешен айналасы қарағаймен көмкерілген, таудың әсем көрінісі ашылатын жерде орналасқан.
Аумағы 3 800 шаршы метрді құрайтын кешенде төрт ашық бассейн бар. Оның бірі – суының температурасы +40 °C-қа дейін жететін, жыл бойы жұмыс істейтін термоминералды бассейн. Сондай-ақ жүзуге арналған спорттық бассейн мен балалар және жасөспірімдерге арналған маусымдық бассейндер қарастырылған. Қонақтар сауна мен хаммамға барып, арнайы демалыс аймақтарында тынығып, түрлі SPA-процедураларды қабылдай алады.
Кешеннің басты ерекшелігі – шамамен 3 000 метр тереңдіктегі ұңғымадан алынатын табиғи термоминералды су. Бұл су Almaty Resort шипажайында 60 жылға жуық уақыттан бері емдеу және сауықтыру мақсатында қолданылып келеді.
Therma SPA кешенінде ағзаны қалпына келтіруге және тынығуға арналған арнайы аймақ та бар. Мұнда гидромассаж және басқа да сауықтыру процедуралары заманауи жабдықтардың көмегімен жүргізіледі.
Жаңа кешен Алматы тұрғындары мен қала қонақтарына қаладан шықпай-ақ, жылдың кез келген мезгілінде термалды бассейнде демалып, денсаулығына көңіл бөлуге мүмкіндік береді.