Басты бет › Ұлттық госпиталь 97 жылдығын атап өтуде

Ұлттық госпиталь 97 жылдығын атап өтуде

Ұлттық госпиталь 97 жылдығын атап өтуде Ұлттық госпиталь 97 жылдығын атап өтуде Ұлттық госпиталь 97 жылдығын атап өтуде Ұлттық госпиталь 97 жылдығын атап өтуде

Осы уақыт ішінде ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталі жабық медициналық мекемеден халыққа қолжетімді, заманауи көпсалалы ауруханаға айналды.

Қазір бұнда күрделі операциялар жасалып, емдеудің озық әдістері қолданылады. Биыл ескі ғимараттардың орнына жаңа корпустардың құрылысы басталды. Жоспар бойынша госпиталь 100 жылдық мерейтойын жаңа ғимаратта қарсы алады.

Мекеменің қалай өзгергенін ондаған жыл еңбек еткен мамандар жақсы біледі. Госпитальда 36 жылдан бері жұмыс істейтін кардиолог Людмила Иванованың айтуынша, бұрын пациенттер кардиостимулятор орнату үшін басқа ауруханаларға жіберілсе, қазір мұнда коронарографиядан бастап ашық жүрекке жасалатын операцияларға дейінгі медициналық көмек көрсетіледі.

Ал 33 жылдық тәжірибесі бар аға мейіргер Сандуғаш Искакова медицинадағы үлкен өзгерістерге қарамастан, госпитальда қалыптасқан тәртіп пен пациентке деген құрметтің сақталғанын атап өтті.

97 жылдық тарих – бірнеше буын медицина қызметкерлерінің еңбегі мен үздіксіз дамудың нәтижесі.