Басты бет › Ұлттық госпитальда профилактикалық тексерулер қалай өтеді?

Ұлттық госпитальда профилактикалық тексерулер қалай өтеді?

Ұлттық госпитальда профилактикалық тексерулер қалай өтеді? Ұлттық госпитальда профилактикалық тексерулер қалай өтеді? Ұлттық госпитальда профилактикалық тексерулер қалай өтеді? Ұлттық госпитальда профилактикалық тексерулер қалай өтеді?

Алматыда OPEN Healthcare Academy академиясының «Қазақстандағы медициналық скрининг – Корея тәжірибесі» атты II академиялық семинары өтті. Оған Korean Medical Center Almaty шақыруымен ҚР ПІБ Медициналық орталығының Ұлттық госпиталь мамандары қатысты.

Семинарда дәрігерлер, клиника басшылары және сарапшылар Қазақстан мен Корея Республикасында скринингтің қалай ұйымдастырылатынын талқылады. Олар Кореяның ауруларды ерте анықтау тәжірибесін Қазақстанда қолдану мүмкіндіктерін қарастырып, профилактикалық медицинада цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні пайдалануға да назар аударды.

Ұлттық госпиталь атынан директордың ғылым және білім жөніндегі кеңесшісі Жанара Құсымжанова құттықтау сөз сөйледі. Кардиология бөлімшесінің меңгерушісі Сезім Есенқұлова Қазақстанда скрининг пен профилактикалық қарап-тексерулердің қалай ұйымдастырылатыны туралы баяндап, госпитальдің кешенді профилактикалық тексерулер жүргізу тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шарада тексеруден кейін пациентті әрі қарай бақылау жайы да талқыланды. Ауруды ерте анықтаудың пайдасы көп жағдайда пациенттің тексеру нәтижесі бойынша дер кезінде консультация алып, қажетті медициналық көмекке жүгінуіне байланысты.