Ақтөбеде ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының дәрігерлері жүрек ырғағы бұзылған пациенттерге ота жасап, консультация береді. Сондай-ақ аурухана мен Ұлттық госпиталь мамандары медицина қызметкерлеріне арналған оқыту іс-шараларын өткізеді.
«Дару» клиникасындағы шеберлік сабағында жарақаттар мен ортопедиялық оталардан кейін пациенттерді оңалту тәсілдері талқыланады. Бауыр аурулары, себебі белгісіз қызбаны диагностикалау және инфекциялық бақылау бойынша бөлек сабақтар жоспарланған.
Бұдан бөлек, Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы мен Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы онлайн сабақтар өткізеді.
Пациенттерді қабылдау кестесі
Пациенттерді ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының аритмологы Ринат Қамиев қабылдайды.
- 25 қараша, 14:00–17:00 – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің медициналық орталығы, кардиология бөлімшесі, Жаңақоныс көшесі, 8.
- 26 қараша, 14:00–17:00 – Ақтөбе облыстық көпбейінді ауруханасы, Жаңақоныс көшесі, 8е.
Назар аударыңыз! Қабылдауға жазылу үшін тиісті медициналық ұйымның тіркеу бөліміне хабарласу қажет.