Басты бет › Ақтөбеде ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері басталды

Ақтөбеде ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері басталды

Ақтөбеде ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері басталды Ақтөбеде ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері басталды Ақтөбеде ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері басталды Ақтөбеде ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері басталды Ақтөбеде ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері басталды

26-27 қарашада Ақтөбеде ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының дәрігерлері жүрек ырғағы бұзылған пациенттерге консультация беріп, ота жасайды. Сонымен бірге мамандар медицина қызметкерлеріне арнап шеберлік сабағы мен семинарлар өткізеді.

Ақтөбеде мамандар екі медициналық ұйымда жұмыс істейді. ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының аритмолог дәрігері Ринат Қамиев алғашқы күні пациенттерге 8 консультация берді. Алдағы уақытта үш ота жасауды жоспарлап отыр.

«Пациенттерді аралап, қарап шықтым. Қазір алғашқы отаны бастаймын. Катетерді қан тамырлары арқылы жүрекке жеткізіп, аритмия туғызатын аймаққа жылумен немесе суықпен әсер етеміз. Пациенттер мамандандырылған көмекті уақтылы алуы үшін өңірдегі әріптестерімізбен бірлесіп жұмыс істеу біз үшін маңызды», – деді Ринат Қамиев.

«Дару» клиникасында ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының реабилитолог дәрігері Бакир Абашев жарақаттар мен ортопедиялық оталардан кейінгі оңалту бойынша шеберлік сабағын өткізеді. Ал Медициналық орталық ауруханасының гастроэнтеролог дәрігері Айнұр Амиркулова мен инфекциялық бөлімшенің меңгерушісі Гүлжан Сейдахметова онлайн форматта баяндама жасайды.

Бұдан бөлек, Ұлттық госпитальдің инфекциялық бақылау бөлімінің меңгерушісі Сабира Сүйенбаева онлайн семинар өткізеді. Ол медициналық бұйымдарды дезинфекциялау мен стерильдеу, сондай-ақ хирургиялық араласу аймағындағы инфекциялардың алдын алу туралы айтады.

Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы медициналық ұйымдардың басшыларына сапаны басқару, денсаулық сақтау саласын цифрландыру және маркетинг бойынша, ал Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы зертхана мамандарын оқыту және олардың біліктілігін тексеру мүмкіндіктері туралы онлайн сабақтар өткізеді.

ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндеріне дайындық кезінде әр өңірдің сұранысы ескеріледі. Консультация қорытындысы бойынша емді жалғастыруға медициналық көрсетілімдер болса, пациентке Медициналық орталық ауруханасына немесе Ұлттық госпитальге жолдама берілуі мүмкін. Шеберлік сабағы мен семинарларда Ақтөбенің медицина қызметкерлері әріптестерімен тәжірибе алмасып, күнделікті жұмыс барысында туындайтын сұрақтарды талқылай алады.