Басты бет › Судың биологиялық қауіпсіздігі: зертханалық зерттеудің заманауи технологиялары

Судың биологиялық қауіпсіздігі: зертханалық зерттеудің заманауи технологиялары

Судың биологиялық қауіпсіздігі: зертханалық зерттеудің заманауи технологиялары Судың биологиялық қауіпсіздігі: зертханалық зерттеудің заманауи технологиялары Судың биологиялық қауіпсіздігі: зертханалық зерттеудің заманауи технологиялары Судың биологиялық қауіпсіздігі: зертханалық зерттеудің заманауи технологиялары Судың биологиялық қауіпсіздігі: зертханалық зерттеудің заманауи технологиялары Судың биологиялық қауіпсіздігі: зертханалық зерттеудің заманауи технологиялары

ҚР ПІБ Медициналық орталығының Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығында суды микробиологиялық талдаудың инновациялық технологияларына арналған халықаралық семинар-тренинг өтті.

Іс-шараға Ұлттық сараптама орталығының, «Астана Су Арнасы», «Гигиенист», «Водные ресурсы» және басқа да ұйымдардың зертхана мамандары қатысты.

Семинар барысында қатысушылар IDEXX компаниясының заманауи экспресс-жабдықтарымен, инновациялық тест-жүйелерімен, оларды зертханалық тәжірибеде қолдану ерекшеліктерімен және халықаралық тәжірибемен танысты.

Практикалық сабақтарда мамандар жабдықтардың жұмысын көріп, судың микробиологиялық көрсеткіштері бойынша сапалық және сандық талдау жүргізу әдістерін меңгерді.

Семинар-тренинг кәсіби тәжірибе алмасуға, практикалық дағдыларды жетілдіруге және судың сапасы мен қауіпсіздігін зерттеудің заманауи технологияларымен танысуға мүмкіндік берді.