Колл-орталық коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты азаматтардың өтініштері бойынша, елорда тұрғындарына ақпарат беру және медициналық көмек көрсету мақсатында күшейтілген жұмыс жүргізуде. Операторлар барлық сұрақтарға жауап береді, соның ішінде азаматтарға COVID-19 бойынша кеңес береді.
Қоңырауларды қабылдауды Президенттік клиниканың 20 операторы жүргізеді. Қоңыраулар күн сайын сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін қабылданады. Бүгінгі таңда операторлар 75 мыңнан астам қоңырау қабылдады. Кеңес алу мақсатындағы өтініштер шамамен 70% құрайды. Еңбекке жарамсыздық парақтарын және анықтамаларды ресімдеу үшін 10 мыңға жуық адам түсініктеме алуға жүгінді. Егде және созылмалы науқастарға ерекше көңіл бөлінеді. Колл-орталық өмірлік маңызды дәрілік препараттарды жеткізуді қажет ететін пациенттерден 15 мыңнан астам қоңырау қабылдады.
Президенттік аурухананың колл-орталығына күн сайын 2 мыңға жуық қоңырау келіп түседі. Өтініштердің шамамен үштен бір бөлігі тек кеңес пен түсіндіруді ғана емес, пациентпен одан әрі жұмысты қажет етеді. Мыңдаған адамдар көмек алды және 8(7172) 70-80-90 байланыс орталығына жүгіну арқылы өз мәселелерін шешті.