ҚР ПІБ Медициналық орталығының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығында Velp Scientifica (Италия) компаниясы өндірген OXITEST заманауи жоғары технологиялық жабдығының инсталляциясы өткізілді. "MILLAB" АҚБ (Ресей) сервистік компаниясы осы аспапты қолдана отырып арнайы кәсіпорын қызметкерлері үшін нұсқаулық өткізді.
Бұл әртүрлі шикізат үлгілерінде және дайын тамақ пен шөп өнімдерінде, майларда пайда болатын тотығу процестері (тамақ құрамындағы майлардың тотығуы — тағамның сақтау мерзіміне әсер ететін негізгі факторлардың бірі) туралы кең ақпарат алуға болатын зерттеу құралы.
Құрылғы белгілі бір уақыт аралығында өнімді талдауды қолдана отырып және эксперименттік қисықтарды құра отырып, сақтау мерзімін зерттеу кезінде тотығу тұрақтылығын болжауға мүмкіндік береді. Зерттеулер сонымен қатар өнімдерді сақтау жағдайларының сапасын, антиоксиданттардың тиімділігін бағалауға және әртүрлі тағам рецептерін қолданған кезде тотығу тұрақтылығын салыстыруға мүмкіндік береді.