Басты бетСәлемдеме сөз

Сәлемдеме сөз

Директор - Албаев Рустам Қуанышбекұлы

Пациенттерге қамқорлық жасау - үлкен мәртебе және жауапкершілік. Өз денсаулығын клиника мамандарына сеніп тапсыра отырып, күн сайын мыңдаған адамдар болашақта денсаулығы мен жұмысына сенімді өмір сүреді.
 

 

 

Құрметті әріптестер және достар!

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Ауруханасы 1997 жылдан жұмыс істейді, басқарманың орталық органдарының мемлекеттік қызметкерлеріне, сондай-ақ барлық қалаушыларға ақылы негізде жоғары білікті медициналық қызмет көрсетеді.

Миссиясы
Денсаулықты сақтау мен нығайту үшін ортақ жауапкершілік негізінде профилактиканың, диагностиканың, емдеу мен оңалтудың озық әдістерін қолданып, медициналық қызмет көрсетуді үздіксіз жетілдіре отырып, халық денсаулығының жоғары деңгейіне қол жеткізу.

Пайымдауы
Халықаралық сапа стандарттары және госпитальдық сервиске негізделген медициналық клиникалық практикада озық жетістіктер мен инновацияларды қолдана отырып, клиниканың, ғылым мен білімнің үш тұғырлылық қағидаттарын ықпалдастыра, медициналық қызметтердің толық циклін ұсынатын көпбейінді ұлттық ғылыми-клиникалық өндірістік кластер.

ҚР ПІБ МОА құндылықтары мен әдептік қағидаттары

  • Ұйымның тұрақтылығы – басшылық ұжыммен бірге ұйымның пайымы мен миссиясын дәйекті түрде жүзеге асырады.
  • Зияткерлік әлеует – білім мен шеберлік деңгейін үздіксіз арттыра отырып, құзыретті мамандарды тарту; бұл үшін барлық мүмкіндіктер жасалып, шешу жолдары анықталған.
  • Тұтастық – жарияланған қағидаттар мен жоғары стандарттарды сақтау, пациенттермен қарым-қатынаста да, ұйым ұжымы ішінде де жоғары сенім мен әдептілік деңгейін көрсету.
  • Қанағаттанған және адал пациент – ұйымның миссиясы диагноз дұрыс қойылып, дұрыс емдеу тағайындалғанда және пациенттің қажеттіліктерін қанағаттандыратын ізгі ниетті қарым-қатынас қамтамасыз етілген кезде ғана орындалады.
  • Икемділік және біліммен бөлісуге дайын болу – оқуға дайын болу, біліктілікті арттыру курстары мен шеберлік сыныптарында, менторлықта, конференцияларда алған білімі мен тәжірибесін бөлісу және жалпы табысты арттыру.
  • Ашықтық – жеке және ұжымдық қарым-қатынастарда адалдық пен әдептілік қағидаттарын сақтау.
  • Кәсібилік – тұрақты даму және үздіксіз оқу негізінде пациент пен ұйым ұжымының игілігі үшін жоғары нәтижеге қол жеткізуге өзінің барлық озық білімін, мүмкіндіктері мен тәжірибесін бағыттау.

 

«Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» ШЖҚ РМК дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған стратегиялық бағыттары:      
1. Медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде сапалы және тиімді медициналық қызметтер мен сервистерді ұсыну.
2. Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету.
3. Өндірістік үдерістерді басқару жүйесін жетілдіру, кадрлық әлеует пен корпоративтік құндылықтарды нығайту және дамыту.
4. Инновациялық және ғылыми білім беру қызметін дамыту.

Амбулаториялық-емханалық қызметтің қабылдау уақыты: 8. 00 сағаттан 20.00 сағатқа дейін

Стационардың жұмыс істеу уақыты: тәулік бойы 

Келушілердің пациенттерге жолығу уақыты: күн сайын 16.00-ден 20.00-ге дейін, жексенбі және мереке күндері 11.00-ден 13.00-ге дейін