Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығы «Қарлығаш» балабақшасының логопедтері түзету сабақтарын жүйелі түрде...

ҚР ПІБ Медициналық орталығы «Қарлығаш» балабақшасының логопедтері түзету сабақтарын жүйелі түрде өткізіп тұрады

ҚР ПІБ Медициналық орталығы «Қарлығаш» балабақшасының логопедтері түзету сабақтарын жүйелі түрде өткізіп тұрады ҚР ПІБ Медициналық орталығы «Қарлығаш» балабақшасының логопедтері түзету сабақтарын жүйелі түрде өткізіп тұрады ҚР ПІБ Медициналық орталығы «Қарлығаш» балабақшасының логопедтері түзету сабақтарын жүйелі түрде өткізіп тұрады ҚР ПІБ Медициналық орталығы «Қарлығаш» балабақшасының логопедтері түзету сабақтарын жүйелі түрде өткізіп тұрады

Балабақшадағы логопед маман жұмыстарының негізгі мақсаты балалардың сөйлеу ақауларын түзету. Түзету шараларымен қатар, логопед сөйлеу бұзылыстарының алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды жүргізеді.

Әр оқу жылында балабақшадағы барлық топтарда бастапқы, аралық және қорытынды диагностика жүргізіледі. Оның қорытындысы бойынша бірлескен түзету жұмыстарының нәтижесі анықталады. Сөйлеу қабілеті бұзылған балалармен жұмыстың жақсы нәтиже беруі көбінесе логопедтің дұрыс ұйымдастырылған өзара әрекеттесуіне байланысты.

- «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар логопедиялық топтар үшін сабақтар жеке өтеді. Біз сонымен қатар балалардың психологиялық ерекшеліктерін де ескереміз: сабақтар тәрбиеленушілердің қызығушылығына қарай, түрлі ойын түрінде өткізіледі», - дейді «Қарлығаш» балабақшасының логопеді Роза Байталиева.

Логопедиялық зерттеулерге сәйкес, бүгінгі күні сөйлеу бұзылыстарының түрлері жылдан жылға өсіп келеді. Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға педагогтің нұсқауларын түсіну қиын, оларға жауап беру кезінде қиналады. Баланың сөйлеуінде айқын бұзылулардың болуы оның психикалық дамуына да әсер ететінін ескерген жөн.

«Егер ата-ана баланың сөйлеуінде қандай да бір олқылықтарды байқаса, мүмкіндігінше тезірек логопед маманға жүгіну маңызды», - деп кеңес береді Роза Байталиева.