Басты бетАнизакидоз дегеніміз не? ҚР ПІБ Медициналық орталығының Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама о...

Анизакидоз дегеніміз не? ҚР ПІБ Медициналық орталығының Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының мамандары баяндайды

Анизакидоз дегеніміз не? ҚР ПІБ Медициналық орталығының Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының мамандары баяндайды Анизакидоз дегеніміз не? ҚР ПІБ Медициналық орталығының Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының мамандары баяндайды Анизакидоз дегеніміз не? ҚР ПІБ Медициналық орталығының Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының мамандары баяндайды Анизакидоз дегеніміз не? ҚР ПІБ Медициналық орталығының Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының мамандары баяндайды Анизакидоз дегеніміз не? ҚР ПІБ Медициналық орталығының Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының мамандары баяндайды

Балық – ең құнарлы тағамдардың бірі болғандықтан, оны міндетті түрде рационға қосу ұсыналады, оның құрамында көп мөлшерде ақуыз, витаминдер мен минералдар бар.

Дегенмен, балықтың сапасы мен шығу тегіне мұқият болған жөн, өйткені кейбір түрлерде анизакидтер сияқты паразиттер болуы мүмкін. Бұл паразиттер шикі немесе толықтай өңделмеген теңіз балықтары мен теңіз өнімдерін жеу арқылы тірі құрт дернәсілдері адам ағзасына енген кезде пайда болатын жұқпалы ауру – анизакидозды тудыруы мүмкін.

Жапон тағамдарының, соның ішінде суши мен ролдардың танымалдылығының артуы ̶ анизакидоз ауруына шалдығу қаупін арттырады, өйткені бұл тағамдарда шикі балық жиі қолданылады. Сондықтан денсаулыққа қауіп төндірмеу үшін балық таңдауда және оны дайындау кезінде ерекше сақ болу керек.

Анизакидозбен байланысты ықтимал ауыр асқынулар үлкен қауіп төндіреді:

  • аш ішектің қан кетіп зақымдануы және перитониттің даму қаупі;
  • күшті аллергиялық реакциялар;
  • қызба және температураның 41 градусқа дейін көтерілуі, бұл жүрек пен орталық жүйке жүйесінің денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін;
  • хирургиялық араласуды қажет ететін ішек өтімсіздігінің дамуы мүмкін.

 

Инфекцияның алдын алу үшін балықты өңдеу ережелерін сақтау маңызды, атап айтқанда оны белгілі бір температурада сақтау және асүйде дұрыс өңдеу. Тірі анизакид личинкалары 10 минут ішінде +60°C дейін қыздырған кезде өледі.

Егер сіз балық пен балық өнімдерінде анизакид құрттарының бар жоғына күдіктенсеңіз, Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының зертханаға хабарласуға кеңес береміз, онда мамандар зерттеу нәтижесінде балық өнімдеріндегі тірі анизакид дернәсілдерінің бар жоғын анықтап бере алады.