Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер (МТАЖО) орталығының мамандары ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Жетісу облысында ұйымдастырылған күндеріне қатысты. Шара барысында МТАЖО президенті Асқат Әшімов өз командасымен бірге орталықтың денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту және медициналық қызметтер сапасын жақсартуды мақсат ететін негізгі жұмыс бағыттарын таныстырды.
Шара «Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасының» базасында өтіп, келесі тақырыптарды қамтыды:
• Колл орталық, тіркеу және маркетинг бөлімдерінің жұмыс тиімділігін арттыру: процестерді автоматтандыру, жаңа технологияларды ендіру және науқастармен өзара қарым-қатынасты жақсарту үшін персоналды оқыту.
• Науқасқа бағдарланған қызмет көрсету: науқастармен сенімді қарым-қатынас орнатуға, олардың клиенттік тәжірибесін жақсартуға және медициналық ұйымның оң имиджін қалыптастыруға күш салу.
• Клиникалық инженерияның негіздері: медициналық жабдықтарды басқарудың жаңа тәсілдері, оның жағдайына мониторинг және қолдану тиімділігін қамтамасыз ету.
Шараға медициналық ұйымдарының бірінші басшылары мен орынбасарлары, өңір дәрігерлері мен орта медициналық қызметкерлері қатысты. Баяндамалар көпшілікті қызығушылығын тудырып, медициналық ұйымдардың жұмысына цифрлық шешімдер мен заманауи технологияларды ендірудің өзектілігі айрықша атап өтілді.
Кездесу қорытындысында тараптар байланыс деректерімен алмасып, жақын болашақтың міндеттерін талқылап, 2025 жылы оқу шараларын өткізу туралы келісімге қол жеткізді.