Басты бетҮнсіздік неге айқайдан да қауіпті: Коммуникациядағы қателіктер және олардың бағасы

Үнсіздік неге айқайдан да қауіпті: Коммуникациядағы қателіктер және олардың бағасы

Үнсіздік неге айқайдан да қауіпті: Коммуникациядағы қателіктер және олардың бағасы Үнсіздік неге айқайдан да қауіпті: Коммуникациядағы қателіктер және олардың бағасы Үнсіздік неге айқайдан да қауіпті: Коммуникациядағы қателіктер және олардың бағасы

Коммуникация – тиімді өзара әрекеттің кілті ғана емес, сонымен бірге дағдарыс сәттеріндегі тұрақтылықтың негізі. Ақпарат берудегі, әсіресе қиын кезеңдердегі қателіктер ұйым үшін ауыр салдарларға әкеліп соғуы мүмкін.

МТАЖО орталығындағы «Тиімді тәлімгер: коммуникациялар және құзыреттердің сабақтастығы» аталатын курста сапалы коммуникацияны жолға қойып, жиі кездесетін қателіктерге бой алдырмауға көмектесетін практикалық біліммен бөліседі.

Үнсіздік қауесет тудырады

Ақпарат уақытылы және анық жетпеген кезде әріптестер оны өзінше ойлап, өрбітіп әкетеді. Ал бұл деректердің бұрмалануына және жалған ақпараттың тарауына әкеледі.

Мәселелердің елеусіз қалуы

Болып жатқан қиындықтар немесе көңіл толмаушылықтар олардың шешілуін баяулатады. Сәйкесінше, бұл жағдайды қиындатып, бизнес үшін тәуекелдер тудырады.

Сенімнің жоғалуы

Егер команда немесе жетекшілері коммуникацияға ашық болмаса, бұл сенімсіздік туғызады. Адамдар өзін ешкім тыңдамайтындай сезініп, бұл соңында олардың ынтасы мен қызығушылығының жоғалуына әкеледі.

Күйзеліс және үндестіктің бұзылуы

Анық ақпараттың болмауы күйзеліс пен наразылық тудырып, ұжымдағы үндестікті бұзады. Адамдар не болып жатқанын түсінбегендіктен, түрлі қарсы пікір туындайды.

Өнімділіктің төмендеп, кадр тұрақсыздығының артуы

Ақпараттан шектелген қызметкерлердің ынтасы төмендейді, сәйкесінше еңбек өнімділігі де азаяды. Егер жағдай өзгермесе, кадр тұрақсыздығы артады, өйткені адамдар тұрақтылық пен сенімділікті іздейді.

Сенім мен абыройдың жоғалуы

Тиімсіз коммуникация ұжым ішінде де, сондай-ақ сыртқы серіктестермен де сенімді бұзады. Бұл бизнес пен оның абыройына нұқсан келтіреді.

Мұндай қателіктерге қалай бой алдырмауға болады?

✓ Жоба статусын және туындаған мәселелер бойынша тұрақты тексеру жүргізу.

✓ Талқылауларда ашықтықты жолға қойып, әрбір адамның өз пікірін айтуына мүмкіндік беру.

✓ Өзгелердің ой-пікірін тыңдау және сыйлау.