Басты бетМектепке дейінгі және бастауыш білім берудің жаңа кезеңі

Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің жаңа кезеңі

Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің жаңа кезеңі Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің жаңа кезеңі Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің жаңа кезеңі Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің жаңа кезеңі Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің жаңа кезеңі

ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы мен Perspective Elementary School ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл келісім мектепке дейінгі және бастауыш білім беруді дамытудағы жаңа кезеңнің бастауы болып, балаларға сапалы әрі заманауи білім беру ортасын қалыптастыру үшін тараптардың күш-жігерін біріктіреді.

Ынтымақтастық аясында халықаралық білім беру тәжірибелерін енгізуге және оқытудың сабақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. Әсіресе, әлемдік стандарттарға сай жағдай жасауға ерекше мән берілмек. Бұл өз кезегінде балалардың ерте жастан сапалы білім алуына жол ашады.

Педагогтар үшін серіктестік тәжірибе алмасуға және озық әдістемелерді игеруге мүмкіндік береді. Ал ата-аналар үшін бұл келісім балаларының білімі тек академиялық мазмұнмен шектелмей, құндылықтарға, әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларға және тұрақты оқуға деген ынтаға негізделетініне кепіл болады.

Бірлескен бастамалар әрбір балаға дара көзқарас танытатын, талантын қолдайтын, креативтілігін дамытатын білім беру ортасын құруға бағытталмақ. Меморандумға қол қою «Қарлығаш» балабақшасының инновациялық педагогикалық тәжірибелерді енгізудегі ұлттық алаң ретіндегі мәртебесін күшейтіп, Қазақстанның білім беру кеңістігін дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Бұл келісім тек білім сапасын арттырып қана қоймай, халықаралық ынтымақтастық көкжиегін де кеңейтеді. Perspective Elementary School-мен серіктестік үздік әлемдік тәжірибелерді біріктіруге және білім беру ұйымдары арасындағы жаһандық диалогты қалыптастыруға жасалған маңызды қадам болып табылады.