Басты бетКавказ минералды сулары өңіріндегі шипажайлардың бас аспаздары қазақтың ұлттық тағамдарын дайында...

Кавказ минералды сулары өңіріндегі шипажайлардың бас аспаздары қазақтың ұлттық тағамдарын дайындауды үйренді

Кавказ минералды сулары өңіріндегі шипажайлардың бас аспаздары қазақтың ұлттық тағамдарын дайындауды үйренді Кавказ минералды сулары өңіріндегі шипажайлардың бас аспаздары қазақтың ұлттық тағамдарын дайындауды үйренді Кавказ минералды сулары өңіріндегі шипажайлардың бас аспаздары қазақтың ұлттық тағамдарын дайындауды үйренді Кавказ минералды сулары өңіріндегі шипажайлардың бас аспаздары қазақтың ұлттық тағамдарын дайындауды үйренді

ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қазақстан» шипажайы екі күн бойы өңірлік гастрономиялық шеберлік алаңына айналды. Мұнда Кавказ минералды сулары өңіріндегі түрлі шипажайлардың бас аспаздарына арналған қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлеу бойынша мастер-класс өтті.

Іс-шараның арнайы қонағы Астанадағы Qazaq Gourmet мейрамханасының бренд-шефі Артем Канцев болды. Аталған мейрамхана халықаралық 50 Best Discovery рейтингіне енген және Wheretoeat KAZAKHSTAN 2024 ұлттық мейрамхана сыйлығының нұсқасы бойынша «Қазақтың үздік ұлттық мейрамханасы» атағына ие болған.

Мастер-класс барысында қатысушылар кавказ шөптерінен дайындалған тұздық қосылған жылқы етінен борша ет, жылқы етінен қуырдақ, жабайы шие желесі қосылған жылқы етінен паштет, қой етінен дайындалған қазақша ет және шұжық қосып сірне әзірлеу тәсілдерімен танысты.

Артем Канцевтің айтуынша, ұлттық тағамдарды заманауи үлгіде ұсынудағы басты мақсат – дәстүрлі дәмді сақтап қалу.

«Ең бастысы – бала кезден таныс дәмді жоғалтпау. Заманауи технологиялар тағамның ұсынылуы мен құрылымын өзгертуі мүмкін, бірақ оның төл болмысы сол күйінде қалуы керек», – деді шеф-аспаз.

Мастер-класс шипажай мәзірін жаңарту және қазақ гастрономия мәдениетін насихаттау бағытындағы жұмыстар аясында ұйымдастырылды.