Басты бетМектепке дейінгі білім берудің заманауи тәсілдері: Астанада тамыз кеңесіне қатысушылар үшін экску...

Мектепке дейінгі білім берудің заманауи тәсілдері: Астанада тамыз кеңесіне қатысушылар үшін экскурсиялық тур өтті

Мектепке дейінгі білім берудің заманауи тәсілдері: Астанада тамыз кеңесіне қатысушылар үшін экскурсиялық тур өтті Мектепке дейінгі білім берудің заманауи тәсілдері: Астанада тамыз кеңесіне қатысушылар үшін экскурсиялық тур өтті Мектепке дейінгі білім берудің заманауи тәсілдері: Астанада тамыз кеңесіне қатысушылар үшін экскурсиялық тур өтті Мектепке дейінгі білім берудің заманауи тәсілдері: Астанада тамыз кеңесіне қатысушылар үшін экскурсиялық тур өтті

26 тамызда Астанада «Мектепке дейінгі білім берудің заманауи моделі: ерте даму, ұлттық құндылықтар және бастауыш біліммен сабақтастық» тақырыбындағы тамыз кеңесінің секциялық отырысы аясында ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшалары базасында экскурсиялық тур өтті.

Іс-шараға Қазақстанның барлық өңірінен 200-ге жуық маман қатысты. Олардың қатарында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, Астана қаласы Білім басқармасының, Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығының, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балаларды ерте дамыту институтының өкілдері, сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары болды.

Экскурсиялық тур тәжірибе алмасуға, білім беру ортасын ұйымдастырудың заманауи тәсілдерімен, балаларды ерте дамытумен, ұлттық құндылықтарды қалыптастырумен және мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету бағыттарымен танысуға арналған практикалық алаңға айналды.

Экскурсия барысында қатысушылар «Қарлығаш» балабақшаларының екі нысанына барды. Қонақтарға білім беру және дамыту кеңістіктері, медициналық сүйемелдеу жүйесі, сондай-ақ мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс барысында қолданылатын заманауи практикалар таныстырылды.

Экскурсия қорытындысы бойынша қатысушылар ұсынылған тәжірибенің практикалық маңызын атап өтті. Мұндай кәсіби алаңдар тиімді тәжірибелермен алмасуға, оларды өңірлерде таратуға және мектепке дейінгі білім берудің заманауи моделін одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.