Басты бет › Almaty Resort шипажайында Алма күнін атап өтті

Almaty Resort шипажайында Алма күнін атап өтті

Almaty Resort шипажайында Алма күнін атап өтті Almaty Resort шипажайында Алма күнін атап өтті Almaty Resort шипажайында Алма күнін атап өтті Almaty Resort шипажайында Алма күнін атап өтті Almaty Resort шипажайында Алма күнін атап өтті Almaty Resort шипажайында Алма күнін атап өтті Almaty Resort шипажайында Алма күнін атап өтті Almaty Resort шипажайында Алма күнін атап өтті

Almaty Resort шипажайында Халықаралық алма күніне арналған дәстүрлі фестиваль өтті. Мерекеде аспаздық өнер, ұлттық дәстүрлер мен музыка тоғысты.

Фестивальдің басты ерекшеліктерінің бірі – шипажай аспаздары әзірлеген тағамдар. Шеф-аспаз Мадияр Қыдырбаев бастаған 15 маман екі күн бойы жаңа піскен алма мен жергілікті өнімдерден түрлі тағамдар дайындады. Қонақтарға алма раушандары, штрудель, пончик, маффин, шағын бәліштер, тоқаштар, мармелад және басқа да тәттілер ұсынылды. Аспаздардың авторлық идеясы – баяу отта бұқтырылып дайындалған алмасы бар палау ерекше қызығушылық тудырды. Көрменің ортасына 100 келі алмадан жасалған мүсін қойылды.

Қонақтар жергілікті қолөнершілердің жәрмеңкесін аралап, арнайы фотозонада суретке түсіп, ұлттық ойындарға қатысты. Шипажай қызметкерлерінің балалары дайындаған суреттер мен қолөнер бұйымдары да көпшілік назарына ұсынылды. Мерекелік концертте Нұрлан Еспанов, Анара Аязбаева, Данияр Қарабалаев, «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі мен әжелер ансамблі өнер көрсетті.

Almaty Resort директоры Гүлжанат Бугубаеваның айтуынша, шипажай үшін басты құндылық – ұлт денсаулығы. Алма дәрумендер мен пайдалы заттарға бай болғандықтан, бұл мерекенің маңызы ерекше. Шипажай ұжымы жыл сайын қонақтарды жаңа тағамдармен қуантуға тырысады. Фестивальге Алматы тұрғындарының отбасыларымен бірге келуі де дәстүрге айналған.

Алманың фестиваль нышаны ретінде таңдалуы кездейсоқ емес. Іле Алатауының бөктерінде өсетін Сиверс алмасын ғалымдар қазіргі алма сорттарының арғы аталарының бірі деп санайды. Алматының символына айналған бұл жеміс өңірдің табиғи байлығын танытады. Almaty Resort-та жыл сайын өтетін фестиваль гастрономияны, мәдениетті және денсаулықты дәріптеп, қала тұрғындары мен қонақтарына отбасымен бірге демалуға мүмкіндік береді.